19 Шілде, 2016

68 000 бөтелке ішімдік  тәркіленді

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19 07 - butilka Ақмола облысы бойынша мем­­­лекеттік кірістер депар­та­мен­­тінің экономикалық тергеу қызметі ҚР ҚК-нің 214-бабымен заң­сыз кәсiпкерлiк қызметке қы­тыс­ты қылмыстық іс қозғады. «Жедел-іздестіру шарасы барысында Көкшетау қаласы аумағында экономикалық тергеу қызметінің өкілдері шарап пен арақ және басқа да спиртті ішімдіктер саудасы бөлімінен, осындағы гараждан, қоймалардан және тасымал көліктерінен әртүрлі атаулары мен өндірушілердің 68 мыңнан астам бөтелке спиртті ішімдіктері табылып, тәркіленді»,  делінген облыстық мемлекеттік кірістер департаменті баспасөз қызметінің хабарында. Қазіргі таңда осы факті бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы